Салық саясаты

1. Заңның мақсаты Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады. Заң келесі негізгі шараларды қарастырады: коллекторлар берешекті есептен шығарған кезде жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды алып тастау; сыйақылар түріндегі кірістер бойынша салық салынатын табыстың азаюын және мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша құнның өсуін болдырмау; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының балаларға төлемдері бойынша салық салуды алып тастау; АЭА қатысушылары үшін «инвестициялар неғұрлым көп болса, соғұрлым жеңілдіктер» қағидаты бойынша инвестициялық жеңілдіктер беру бөлігінде сараланған тәсілді енгізу материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеу (3%) оффшорларда тіркелген аффилиирленген резидент нестермен операциялар бойынша ғана; жолаушылар темір жол тасымалын қолдауға жіберілетін уақытша теңгерімдеу ақысын шегерімге жатқызуға және кірістен алып тастауға байланысты нормаларды мерзімсіз негізде белгілеу. 2. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрақты экономикалық өсімнің түсінікті, болжанатын салық саясатына тікелей тәуелділігін атап өтті. Ол үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Ол жаңа Салық кодексінде көрініс табуы керек бірқатар міндеттер қойды. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, оған мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысады. Осыған байланысты, жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс шеңберінде көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін мынадай ұсыныстар қаралады: ҚҚС мөлшерлемесін 12% - дан 16% - ға дейін арттыру; банк секторлары үшін КТС мөлшерлемесін 25% дейін, сондай-ақ ойын бизнесі саласы үшін 30% -50% дейін арттыру; жылына 40 млн. теңгеден астам жалақы үшін ЖТС арттыру; шығындарды ауыстыру мерзімдерін және талап қою ескіру мерзімін 5 жылға дейін теңестіру; темекі өнімдеріне акциздер ставкаларын кезең-кезеңмен арттыру; «сән-салтанат» заттарына салық салу: қымбат бұйымдарға, көлік құралдарына, алкоголь және темекі өнімдеріне; арнайы салық режимдерін реформалау. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін көрсетілген ұсыныстармен қатар мынадай мәселелер қосымша пысықталуда: ҚҚС қайтару процедурасын жеңілдету; фискалдық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету; салықтық бақылауды толық цифрландыру; геологиялық барлау үшін икемді фискалдық жағдайлар; өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды КТС, жер салығынан және мүлік салығынан 3 жылға босату; жергілікті салықтар бойынша жеңілдіктер беруде өңірлердің өкілеттіктерін кеңейту; АӨК-те ірі қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыру; салық жеңілдіктерін 20% қысқарту; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санын 20% қысқарту; салық есептілігі нысандарын 30% қысқарту. Бұл кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп және кешенді салық реформасының бөлігі ретінде жаңа Салық кодексі шеңберінде кең ауқымды сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін тарту арқылы жүргізілетін болады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 105
  • 22.12.2023, 10:00
  • 22.12.2023, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ