Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

МЖӘ - бұл мемлекет пен бизнес арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық. Көптеген елдерде МЖӘ инфрақұрылымды құру, қайта құру және мемлекеттік қызметтерді орындау кезінде мемлекеттік сатып алуға тиімді балама болып табылады. Сонымен қатар, бюджет шектеулі болған жағдайда МЖӘ инфрақұрылым объектілеріне сұраныстың артуы жағдайында маңызды құралға айналуда. МЖӘ-нің негізгі қағидаттары: 1) реттілік қағидаты – МЖӘ субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату; 2) конкурстық қағидаты – Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау; 3) теңгерімділік қағидаты – МЖӘ жобасын іске асыру процесінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиімді бөлу; 4) нәтижелілік қағидаты – МЖӘ нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу; 5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік пен сапасы деңгейін арттыру, сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру; 6) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты – МЖӘ жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте ашық қол жеткізу болып табылады. 2022 жылы МЖӘ тетіктерін қайта жүктеу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейтуді, жобалардың сапасын арттыруды, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді (Түзетулер 30.12.2022 ж. №177-VII ҚРЗ Заңымен қабылданды). Түзетулер жекеше әріптестерді тек конкурстық негізде транспарентті іріктеуге, МЖӘ жобалары бойынша пайданы, тәуекелдерді әділ бөлуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, оның ішінде цифрландыруды енгізу жолымен, мемлекеттік сатып алуды ауыстыруды болдырмауға және тұтастай алғанда МЖӘ жобаларының сапасын әзірлеу сатысында да, іске асыру сатысында да арттыруға бағытталған.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 64
  • 25.01.2024, 09:00
  • 25.01.2024, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ