«Дипломмен ауылға» жобасы
«Дипломмен ауылға» жобасы (бұдан әрі - Жоба) аясында ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары беріледі. Жоба аясында 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын беру көзделген. Жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1500 АЕК-тен ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге 2 500 АЕК-ке, қалған ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке ұлғайды. Бюджеттік кредит несие сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдау шараларына ие болған маман осы ауылдық елді мекенде үш жыл жұмыс істеуге өзіне міндеттеме алады. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Жоба бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет порталында қызметті алушының өтініш беру сәтінен бастап бюджеттік кредитті алғанға дейінгі процесстері автоматтандырылған.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 209
- 12.02.2024, 13:00
- 12.02.2024, 18:00
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ