«Ертіс Жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасын туралы

«Ертіс Жастары» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы 18 бен 35 жас аралығындағы жас мамандарға арналған. Несиелендіру шарты бойынша қарыздың ең жоғары сомасы 18 млн. теңге, бастапқы жарна қарыз сомасының 10%-ынан бастап. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 5 %, несиенің максималды мерзімі – 19 жылға дейін. Бағдарлама бойынша жаңадан пайдалануға берілген және екінші нарықтағы тұрғын үйден пәтер алуға болады. Қатысушыларға қойылатын талаптар: ҚР азаматтығы; Павлодар қаласында кемінде соңғы екі жыл тұрақты үзіліссіз тіркеуде болу; соңғы 5 жылда сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жеке немесе жалға алған тұрғын үйінің болмауы; Павлодар қаласында таңдалған қызмет саласындағы ресми жұмыс өтілі, өтініш беру сәтінде кемінде 1 жыл, зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталады. Бағдарламаға ерлі зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Табыс отбасының әрбір мүшесіне 6 КД – 260 442 теңгеден аспауы тиіс. Жеңілдетілген несиеге денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, БАҚ, ЖОО мен ҒЗИ салаларының мамандары үміткер бола алады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 83
  • 19.02.2024, 09:00
  • 19.02.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ