Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті: - әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; - жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді механизмін құру; - сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Жалпыға бірдей декларациялау екі салық есептілігінің нысанын тапсыруды көздейді: - «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» (250.00 нысаны), - «Кірістер мен мүлік туралы туралы декларация» (270.00 нысаны). 1-кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар тапсырды; 2-кезең 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды; 3-кезең 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) табыс етеді; 4-кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметшілері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер және басқалар) ұсынатын болады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 114
  • 14.06.2024, 09:00
  • 14.06.2024, 15:00
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ