Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты және оны жетілдіру жөніндегі шаралар
Бюджеттік саясат - бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржысын басқару шараларының жиынтығы. Өткен жылы қабылданған Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Бюджет кодексінің реттеу нысанасын кеңейту, бюджет саясатының назарын бюджеттік параметрлерден мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және оны басқару негіздерін кеңейтуге ауыстыру қажеттігін айқындап берді. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың сапалы және тұрақты өсуіне жәрдемдесу болып табылады. Бюджеттік-Салық саясатының негізі қысқа мерзімді кезеңде макроэкономикалық және бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, орта мерзімді кезеңде бюджеттің тұрақтылығына қол жеткізуге ықпал етеді және үкіметтің даму саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келеді. Орта мерзімді кезеңде бюджет саясатының негізгі міндеттері: - Негізгі және қосалқы бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау есебінен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету. Негізгі бюджеттік қағидаларға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы қағида және республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағида кіреді. Бюджеттік қағидалардың қосалқы түрлері ретінде бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы туралы қағида, мемлекеттің таза активтері туралы қағида, борыш туралы қағида және басқалар енгізілетін болады. Бұл қағидалар Ұлттық қорда қаржы ресурстарының жинақталуын және шектеулі пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. - Тиімсіз салық жеңілдіктерін жою, салық базасын кеңейту, әкімшілендіруді күшейту есебінен бюджеттің кіріс бөлігін нығайту. - «Блоктық» бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу, шығыстарды шолу, бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға арналған шығыстардың экономикалық әсерін бағалау тетігін пайдалану, бағалау қорытындылары бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру процестерімен үндестіру, бюджетаралық қатынастар жүйесін, мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру, бюджеттер шығыстарының есептілігі мен бақылануын қамтамасыз ету, квазимемлекеттік секторды реформалау есебінен бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру. - Борыштық орнықтылықты қамтамасыз ету ұлттық операторлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың ішкі және сыртқы борышының мониторингін күшейту, борыштық орнықтылықты бағалауға және болжауға арналған құралдарды әзірлеу, сыртқы борыштың шекті лимиті айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін кеңейту, мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту жөніндегі шараларды көздейді. - Транспаренттілік құралдарының тиімділігін арттыру есебінен бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру. - Ақпараттық жүйелерді жетілдіру және интеграциялау арқылы бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатының негізгі қағидаттары: бірыңғайлық қағидаты - Қазақстан Республикасьшда бірыңғай заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны, ақша-кредит, бюджет және салық жүйелерін ұйымдастыру мен олардың жріыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолдану; ұзақ мерзімді орнықтылық қағидаты - бюджеттік қағидалар жүйесін қалыптастыру және белгіленген бюджеттік қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қаржыны басқару саясатьш іске асыру; теңгерімділік қағидаты - қабылданатын міндеттемелердің ресурстарға сәйкестігі; транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік қаржы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді, даму жоспарларын және олардың атқарылуы туралы есептерді жариялау, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болу; толықтық қағидаты - есептіліктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды есепке алудың толықтығы; тиімділік қағидаты - мемлекеттік шығыстар мен ресурстардың мемлекеттік қаражыны басқару қағидаттарьш сақтай отырып қол жеткізілген экономикалық және әлеуметтік өсудің ең үздік нәтижелеріне арақатынасы; үнемділік және жауапкершілік қағидаты - бюджет қажеттілігін тиімді және белгіленген қағидалар мен шектеулерге сәйкес қалыптастыру.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 97
- 14.03.2024, 10:00
- 14.03.2024, 18:00
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ