Тұрғын үй сертификаттарын беру туралы
Әлеуметтік көмек ретіндегі тұрғын үй сертификатын әлеуметтік-коммуналдық қордан баспанаға үміткерлер ала алады. Сертификаттың мөлшері бастапқы жарна сомасының 100%, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар тізіміне мүгедектігі бар балалардың отбасы немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында сұранысқа ие мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер; бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері кіреді. Тұрғын үй сертификатын алу үшін соңғы 6 айда отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын табыс болуы тиіс. Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет: нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табысы туралы анықтама (отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына)); жұмыс орнынан анықтама; өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты, онда ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 67
- 18.03.2024, 09:00
- 18.03.2024, 13:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ