Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Қатысушылар: "бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері. Өтінімдерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындысы бойынша. Бизнес-жобаның міндетті шарттары: мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы/жылжымайтын мүлік; жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкердің бизнес-жобасында жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы және/немесе құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. Өтінімге құжаттар тізбесі: 1) басшының қолымен және өтінім берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса); 2) кәсіпкердің ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын ұлттық жоба шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжат (сайтта оқыту enbek.kz); 3) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың бар екендігін растайтын құжаттар. Грант көлемінің 20% (банктік шоттан үзінді, бизнес-жобаға қатысатын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар); 4) "бір ауыл – бір өнім"бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 72
  • 19.03.2024, 14:30
  • 19.03.2024, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ