Облыстық мемлекеттік архивтерге сақтауға қабылданған Ұлттық архив қордың құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру
Архивтерді ҰАҚ құжаттарымен және басқа да архивтік құжаттармен жинақтау оның жинақтау көздерін белгілеу, архив құжаттарын, архив қорлары мен коллекцияларын ҰАҚ құрамына жатқызу, архивтерге қабылдауға жататын архив құжаттарының құрамын айқындау, архив құжаттарын архивке қабылдау-тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Архивте ҰАҚ құжаттары және басқа да архивтік құжаттар архив қорлары бойынша ұйымдастырылады. Архивтік құжаттардың жекелеген түрлері Қағидалардың 93-94-тармақтарына сәйкес оларды қордан тыс ұйымдастыруға болады. Архив ҰАҚ құжаттарын мемлекеттік есепке алуды және басқа да архивтік құжаттарды есепке алуды жүзеге асырады. Архивтегі құжаттарды есепке алу құжаттармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде есепке алу құжаттарын орталықтандыру, біріздендіру, серпінділік, толықтық, анықтық және сабақтастық қағидаттары негізінде құрылады. Қолжетімділік санаттары бойынша архивтік құжаттар ашық және қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеке меншіктегі архивтік құжаттардың меншік иесінің немесе иеленушісінің келісімі бойынша қолжетімділік шектелмеген барлық архивтік құжаттар ашық болып табылады.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 73
- 26.03.2024, 09:00
- 26.03.2024, 13:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ