Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2021 жылғы 5 тамызда № ҚР ДСМ-75 белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілді. 2018 жылдан бастап дәрілік препараттарды орталықтан сатып алуды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қаржыландыру арқылы "СК – Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы республикалық бюджеттен жүзеге асырады. Денсаулық сақтау басқармасының облыстық штаттан тыс мамандары және ғылыми орталықтардың республикалық мамандары ұсынған емдеу схемаларын ескере отырып, пациенттерді толық көлемде қамтамасыз ету үшін диспансерлік науқастар тіркеліміне сәйкес медициналық ұйымдар өтінімдерді (яғни ДЗ және МИ қажеттілігінің есептеулерін) қалыптастырады. ДЗ пациенттерін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымның бірінші басшысы дербес жауапты болады. Тегін рецепттерді жалпы практиканың учаскелік дәрігерлері, учаскелік терапевтер және алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының педиатрлары (бұдан әрі –МСАК) жазып береді.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 72
- 26.03.2024, 14:30
- 26.03.2024, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ