Баянауыл ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады: 1) жұмыссыздар; 2) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлер; 3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; 4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар; 5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері; 6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер. 4. Ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың қажеттіліктерін, олардың әлеуетін, жобаларды табысты іске асыруға әсер ететін бос жайылымдық алқаптардың, өткізу нарықтарының болуын және басқа да факторларды негізге ала отырып, әрбір ауылдық елді мекеннің және әрбір шағын қалалардың жобаларына микрокредит берудің басым бағыттарын айқындайды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған жобаларға микрокредит беру үшін бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 (елу) пайызынан аспайтын бөлігін жіберуге жол беріледі. 5. Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі. 6. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайды. 7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға микрокредит беру мақсатында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде бюджеттік кредит мынадай шарттарда беріледі: 1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызбен қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға; 2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты: жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру, оның ішінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу; 3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 28 (жиырма сегіз) ай мерзімінен аспайды; 4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит аударылған кезден бастап есептеледі.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 67
  • 08.04.2024, 09:00
  • 08.04.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ