Мәдениет объектілерін цифрландыру бойынша бастамаларды іске асыру («Е-culture» бірыңғай электронды порталы»)

Мәдени мұра және салт-дәстүрлерді сақтау соңғы мыңжылдықтың негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы орайда, келер ұрпақ үшін мәдени мұраларымызды сақтауға мүмкіндік беретін, бұл ақпараттарды электронды түрде жарыққа шығаруға, таратуға және сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. «E-culture» бірыңғай электронды порталы» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде кезең-кезеңмен мүзей қорының экспонаттары, бұл2,4 млн. аса дана, кітапхана қорының және мәдени мұраның көлемі 100 млн.-нан астам дана материалы цифрлық форматқа ауыстырылатын болады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 9 музейлер мен тарихи-мәдени музей-қорықтарының, көрікті жерлерінің ақпараты бар Қазақстан қалаларының, өңірлердің туристтік маршруттарының видеотурлары шығарылатын болады. Электронды порталда кинематографияның алтын қорын, республикамыздың спектакльдері, қойылымдарының онлайн-көрсетілімдерін көрсету жоспарланып отыр. Соңғы кездері тарихи оқиғалар, оның ішінде біздің еліміз тікілей және жанама қтысқан оқиғалар бойынша қоғамның көзқарастарын өзгерту әрекеттері байқалуда. Осындай тектес жағдаларды болдырмау мақсатында, оның ішінде еліміздің мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері туралы жүйелі ақпараттарды ұсыну қажет

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 1980
  • 02.08.2018, 10:00
  • 02.08.2018, 17:00
  • ҚР Туризм және спорт министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ