Жергілікті өзін-өзі басқару және бюджеттің IV деңгейі мәселелері
Жергілікті өзін – өзі басқару-жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетінше шешуге бағытталған, халық тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асыратын қызмет. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекет және азаматтық қоғам институттарының дамуымен байланысты көп сатылы және серпінді процесс ретінде қалыптасуы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапты 2018 - 2020 жылдары барлық ауылдық округтерде бюджет жүйесінің төртінші деңгейі енгізілді. Ауылдық округтер өз бюджеттерін құра бастады және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқара бастады. Ауылдық округтің бюджеті салықтардан, төлемдерден, айыппұлдардан, ерікті алымдардан, коммуналдық мүліктен түсетін кірістерден, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен алынатын субвенциялардан қалыптаса бастады. Бүгінгі күні жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті салық түсімдерінің 8 түрінен, аудандық бюджеттен түрлі төлемдерден, айыппұлдардан және трансферттерден қалыптастырылады, сондай-ақ салықтардың қосымша түрлерін беру жоспарлануда. Бюджеттің IV деңгейін енгізу салық салынатын базаны кеңейтуге және ауылдық округтердің қаржылық дербестігін арттыруға мүмкіндік берді.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 90
- 24.04.2024, 10:00
- 24.04.2024, 17:00
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ