Өңірдің мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, сақтау және қалпына келтіру, пайдалану көрнекті тұлғаларды еске алу, еліміздің мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288 Заңына және Қағидаларға сәйкес сәулет ескерткіштерін, монументалды өнер мен тарихты сақтау мәселесі заңмен нақты белгіленген. Мемлекеттік және меншікте орналасқан барлық объектілер, мемлекет тарапынан қорғалады. Сондай -ақ, «Тарихи мәдени мұра обектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қағидалардың негізінде барлық тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылармен қорғау міндеттемелері жасалды, Аумағында ескерткіш орналасқан аудандық округ әкімдіктері ескерткіштердің сақтау қауіпсіздігін қамтамасыез ету үшін мониторинг жасайды. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде қалалар мен аудан әкімдіктеріне, мәдениет бөлімдерінің басшыларына жүйелі түрде хат жолданып, тапсырмалар беріледі. Әсіресе қалалар мен аудандарда жөндеу жұмыстары, абаттандыру жұмыстары жүргізген кезде тарихи мәдени мұра обектілерінің аумағында тұрақты бақылау жүргізу. Қалалар мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тұрақты түрде жүргізілуде. Тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында қалалар мен аудандарда өткізіліп жатқан іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32- бабының 3- тармағының неігінде «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми – реставрациялау жұмыстары» бюджет қаражаты есебінен, инвестицияларды тарту, меншік иелере мен пайдаланушылардың қаражатынан жүзеге асырылады. 2023 жылы Ресей-Азия сыртқы сауда банкінің ғимараты, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 151 (« Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ) мекенжайы бойынша жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткішіне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу келісілді. Бұл ғимаратта ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 5 НК бұйрығымен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми- реставрациялау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары 11 нысанды қамтиды. Қалалар мен аудандар аумағында асыл жерлестерін еске алуға арналған ескерткіштер мен бюсттер (Қ.И. Сәтбаев, Ж.Аймауытов, Қ.Пішенбаев, Ш.Айманов, Шон би және Шорман би ескерткіштері, П.Васильев бюсті, Р.Омаров, Д. Багаева, Ә. Марғұлан, А. Елгина, И.Суптель) «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ 2024 жылға арналған бюджетінде монументалды өнер құрылысын құруға қаражат қарастырылмаған Сондай-ақ, монументалды өнер құрылысына 2023- 2025 жылдарға арналған республикалық жоспары бекітілген.Жоспарға сәйкес 2025 жылы ақын, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай ескерткіш орнату жоспарланған.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 85
- 13.05.2024, 14:30
- 13.05.2024, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ