Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты және оны жетілдіру жөніндегі шаралар

Бюджеттік саясат - бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржысын басқару шараларының жиынтығы. Өткен жылы қабылданған Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Бюджет кодексінің реттеу нысанасын кеңейту, бюджет саясатының назарын бюджеттік параметрлерден мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және оны басқару негіздерін кеңейтуге ауыстыру қажеттігін айқындап берді. Бюджеттік-Салық саясатының негізі қысқа мерзімді кезеңде макроэкономикалық және бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, орта мерзімді кезеңде бюджеттің тұрақтылығына қол жеткізуге ықпал етеді және үкіметтің даму саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келеді. Орта мерзімді кезеңде бюджет саясатының негізгі міндеттері: - Негізгі және қосалқы бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау есебінен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету. Негізгі бюджеттік қағидаларға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы қағида және республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағида кіреді. Бюджеттік қағидалардың қосалқы түрлері ретінде бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы туралы қағида, мемлекеттің таза активтері туралы қағида, борыш туралы қағида және басқалар енгізілетін болады. Бұл қағидалар Ұлттық қорда қаржы ресурстарының жинақталуын және шектеулі пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. - Тиімсіз салық жеңілдіктерін жою, салық базасын кеңейту, әкімшілендіруді күшейту есебінен бюджеттің кіріс бөлігін нығайту. - «Блоктық» бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу, шығыстарды шолу, бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға арналған шығыстардың экономикалық әсерін бағалау тетігін пайдалану, бағалау қорытындылары бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру процестерімен үндестіру, бюджетаралық қатынастар жүйесін, мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру, бюджеттер шығыстарының есептілігі мен бақылануын қамтамасыз ету, квазимемлекеттік секторды реформалау есебінен бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру. - Борыштық орнықтылықты қамтамасыз ету ұлттық операторлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың ішкі және сыртқы борышының мониторингін күшейту, борыштық орнықтылықты бағалауға және болжауға арналған құралдарды әзірлеу, сыртқы борыштың шекті лимиті айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін кеңейту, мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту жөніндегі шараларды көздейді. - Транспаренттілік құралдарының тиімділігін арттыру есебінен бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру. - Ақпараттық жүйелерді жетілдіру және интеграциялау арқылы бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатының негізгі қағидаттары: бірыңғайлық қағидаты - Қазақстан Республикасьшда бірыңғай заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны, ақша-кредит, бюджет және салық жүйелерін ұйымдастыру мен олардың жріыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолдану; ұзақ мерзімді орнықтылық қағидаты - бюджеттік қағидалар жүйесін қалыптастыру және белгіленген бюджеттік қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қаржыны басқару саясатьш іске асыру; теңгерімділік қағидаты - қабылданатын міндеттемелердің ресурстарға сәйкестігі; транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік қаржы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді, даму жоспарларын және олардың атқарылуы туралы есептерді жариялау, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болу; толықтық қағидаты - есептіліктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды есепке алудың толықтығы; тиімділік қағидаты - мемлекеттік шығыстар мен ресурстардың мемлекеттік қаражыны басқару қағидаттарьш сақтай отырып қол жеткізілген экономикалық және әлеуметтік өсудің ең үздік нәтижелеріне арақатынасы; үнемділік және жауапкершілік қағидаты - бюджет қажеттілігін тиімді және белгіленген қағидалар мен шектеулерге сәйкес қалыптастыру. Мемлекеттік қаржыны теңгерімсіздендіру тәуекелдерін болдырмау мақсатында, бюджеттің тұрақтылығына қол жеткізу жөнінде шаралар қабылданды. Мәселен, 2022 жылы алғаш рет бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы туралы талдамалық есеп әзірленді және республикалық бюджет жобасының құрамында Парламентке енгізілді. Бюджеттік тәуекелдер және ұзақ мерзімді орнықтылық туралы талдамалық есеп басымдыққа сәйкес тәуекелдерді кезең-кезеңімен талдай отырып және ұзақ мерзімді экономикалық болжау модельдерін пысықтай отырып, жыл сайынғы негізде әзірленетін болады. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде 2023 жылы Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) мемлекеттік қаржы туралы ақпаратты ашудың неғұрлым кеңінен танылған халықаралық стандарты ретінде ХВҚ-ның қаржылық ашықтық кодексіне сәйкестігіне бюджет-салық саласындағы ашықтықты бағалауды жүргізуге Қазақстан бастамашылық жасады. ХВҚ ұсынымдарын іске асыру бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша есептілікті қалыптастыру саласында ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. ХВҚ-ның жекелеген нәтижелері жаңа Бюджет кодексінің жобасына енгізілді, оны қарау ҚР Парламенті Мәжілісінде жалғасуда. Жаңа Бюджет кодексінің жобасы 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының ережелерін және шұғыл шешуді талап ететін қоғам мен мемлекет үшін өзекті басқа да мәселелерді қамтиды. Мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және басқару негіздерін кеңейту мақсатында жаңа Бюджет кодексінің жобасына жаңа бөлім енгізілді – бұл «Мемлекеттік қаржыны басқару», онда мемлекеттік қаржының параметрлерін шектеу (мемлекеттік қарыз, Ұлттық қор, бюджеттік ережелер, бюджеттік параметрлер), мемлекеттік қаржыны шоғырландыру, мемлекеттің борыштық міндеттемелерін реттеу арқылы мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған құралдар белгіленген. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі нормалар енгізілді – бұл бюджеттік ережелер жүйесі, мемлекеттік басқару секторының борыштық міндеттемелерін басқару, мемлекеттік қаржының макроэкономикалық тұрақтылығы мен орнықтылығын қолдау, Ұлттық қор, бюджеттен тыс қорлар және квазимемлекеттік сектордың субъектілері бойынша ережелері.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 81
  • 23.05.2024, 10:00
  • 23.05.2024, 18:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ