Шарбақты ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

Алушыға қойылатын негізгі талап – осы ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттілігі. Көтерме жәрдемақы мөлшері -100 АЕК. Бюджеттік кредит мөлшері: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін АЕК-тің 2500 еселенген мөлшерінен аспайтын сома; ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін АЕК-тің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын сома. Құжаттар «Отбасы Банкі» АҚ порталы арқылы қабылданады. Көтерме жәрдемақы алуға өтініш беру үшін: 1. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру) 2. Білімі туралы дипломның көшірмесі 3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың (еңбек кітапшасының) персоналды басқару қызметі растаған көшірмесі. Тұрғын үй сатып алуға/құрылысқа бюджеттік кредит алуға өтініш беру үшін: 1. Жеке басты куәландыратын құжат 2. Білімі туралы дипломның көшірмесі; 3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы). 4. Жеке басын анықтау үшін неке туралы куәлік (ерлі-зайыптылар үшін); 5. Несиелік бюроның есебі 6. Көрсетілетін қызметті алушыдан және оның отбасы мүшелерінен (жұбайлары, балалары) жылжымайтын мүліктің болмауы/болуы туралы анықтама.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 70
  • 10.06.2024, 14:30
  • 10.06.2024, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ