Павлодар қаласының аулаларында спорт алаңдарын орнату

Павлодар қаласында бұқаралық спортты дамыту бойынша іс-шаралар шеңберінде 2024 жылы спорт алаңдарын орнату жоспарлануда. Оның ішінде, 30 мекенжай бойынша стрит-воркаут аймақтары жабдықталады, 25 мекенжай бойынша күштік тренажерлер кешені орнатылады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жасанды жабыны бар 15 шағын футбол алаңын орнату жоспарлануда. 5 аула аумағында вандалға қарсы шахмат үстелдері орнатылады. Тағы 5-уі Павлодар қаласыны аумағындағы саябақтары мен скверлерінде пайда болады. Спорт бөлімі 25 мекен-жай бойынша стритбол алаңдарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 41
  • 07.06.2024, 14:30
  • 07.06.2024, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ