Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне аттестаттауды беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

Сарапшының аттестаты - сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын біліктілік аттестаты; Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін: 1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын; 2) техникалық қадағалауды; 3) авторлық қадағалауды; 4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді: 1) қала құрылысы; 2) жобалау алдындағы құжаттама; 3) сәулет; 4) конструкциялық бөлігі; 5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша); 6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты); 7) сметалық бөлім; 8) өрт қауіпсіздігі; 9) экологиялық бөлімі; 10) санитариялық-эпидемиологиялық бейіні.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 69
  • 14.06.2024, 14:30
  • 14.06.2024, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ