Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына сәйкес Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30 %-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Комиссия мүшелері Павлодар облысының аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болу жағдайларына байланысты өтемақы құнын анықтайды. Ірі қара, шошқа, түйе, жылқыға ветеринариялық-санитариялық бағалау қорытындысы бойынша төленеді. Ұсақ мүйізді малдарға ет өңдеу кәсіпорнына тапсырғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық бағалаусыз.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 70
- 11.06.2024, 14:30
- 11.06.2024, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ