Маусымдық қала сыртындағы лагерьлердің ашылуға дайындығын бақылау.
Ағымдағы маусымда ЖСҰ уақтылы дайындау мақсатында маусымдық қала сыртындағы әрбір лагерьге жазғы маусымға дайындық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нақты мамандары бекітілді, бүгінгі күні ашылуы жоспарланған 190 лагерьдің 189-на консультация берілді. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша ЖСҰ басшылығымен 159 оқыту семинары өткізілді. Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagtam) жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру бойынша 83 материал жарияланды. Сондай-ақ, Министрлік облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне ЖСҰ-ның ашылуға дайындығына қатысты хаттар жолдады. Өз кезегінде, Министрліктің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерінде ЖСҰ жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатын қауырыт желі ұйымдастырылған. 2024 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – СЭҚ) алуға 107 өтініш келіп түсті, оның 23-і СЭҚ алды (Түркістан – 7, Қызылорда – 6, Маңғыстау – 1, Жетісу – 2, Шымкент қ. – 2, Жамбыл – 1, Маңғыстау – 1, Батыс Қазақстан – 1, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан – 1, Астана қ. – 1), 11-н өтініш берушілер кері қайтарып алды, 9-на дәлелді бас тарту берілді, 64-і қаралуда. Комитеттің сайтында апта сайын жаңартылатын СЭҚ алған ЖСҰ тізімі орналастырылған.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 96
- 06.06.2024, 09:00
- 06.06.2024, 18:30
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ