Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамытудың Бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары
Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы шеңберінде кәсіпкерге жылдық 8%, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін жылдық 7% мөлшерлеме бойынша кредиттер беріледі. Бір кәсіпкер үшін кредит сомасы 3 млрд теңгеге дейін, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 1,5 млрд теңгеге дейін беріледі. Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беру құралы іске асырылады, мұнда кредиттер бойынша кепілдіктердің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 85% - на дейін 360 млн теңгеге дейін, кредит сомасының 50% - на дейін 3,5 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 8% ставка бойынша, ал моно, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін салалық шектеулерсіз 7% ставка бойынша микрокредиттер беріледі. Микрокредит сомасы инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жалпы, Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары өз жобаларын экономиканың басым секторларында іске асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моно , шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін салалық шектеулерсіз ұсынылады. Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлерге және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне салалық шектеулерсіз бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейінгі сомада мемлекеттік гранттар беріледі. Сонымен бірге, 1 млрд теңгеге дейін (Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша 5 млрд теңгеге дейін) инженерлік инфрақұрылымды жүргізу көзделген. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы ШОБ объектісіне жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізумен жүзеге асады, бұл ретте объектінің құрылысын өзі қаржыландырмайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес қолдау шаралары көрсетіледі. Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бірқатар құралдарды қамтиды: ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралын, Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Еуропалық қайта құру және даму банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын іске асыру және т. б.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 88
- 18.06.2024, 09:00
- 18.06.2024, 18:00
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ