Баянауыл ауданы бойынша бұқаралық спортты дамыту туралы

Ауданда халық саны – 23596 адамды құрайды. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар саны – жалпы халық санынан 8499 адам немесе 36,0% құрайды, Қазіргі уақытта ауданда спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту және дамыту бойынша - 52 спорт нысандары бар, оның ішінде: 2 - стадион; 2-дене шынықтыру-сауықтыру кешені; 1-хоккей корты (Майқайың кенті); 19-спорт алаңдары, 28-спорт залдары. Ауданда 2 бірлік Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша 1181 балалар мен жасөспірімдері жүйелі түрде шұғылданады. Бұл көрсеткіш аудан мектептеріндегі оқушылардың жалпы санының 27,1 % құрайды. Аудан көлемінде спорттық шараларды өткізуге 3849,0 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 1 жартыжылдықта аудан көлемінде 50-ден аса бұқаралық спорттық шаралар өткізіліп оған 4500-нан аса спортшылар қатысты.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 64
  • 09.07.2024, 09:00
  • 09.07.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ