Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізген мемлекеттік сатып алу қорытындылары

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың мемлекеттік сатып алу Басқармасымен конкурс тәсілімен барлығы 1034мемлекеттік сатып алу жарияланды - (тауарлар - 266, жұмыстар - 261, қызметтер - 507). 105 сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде. Салыстырмалы, 2023 жылы осы кезеңде -780 сатып алу жүргізілген (тауарлар - 211, жұмыстар - 187, қызметтер - 382). Рейтингтік-балдық жүйені (РБЖ) қолдана отырып 163 конкурс өткізілді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында РБЖ қолданумен 41 конкурс өткізілді. Айта кету керек, РБЖ енгізілуімен, конкурс жеңімпазы автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен анықталғанда, конкурстық комиссияның бекітуінсіз, шағымдар саны және соның салдарынан сот іс-әрекеттері айтарлықтай азайды.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 55
  • 12.07.2024, 09:00
  • 12.07.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ