«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға өзгерістер енгізу

2024 жылғы 19 маусымда Заңға қол қойылды, оның шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер қарастырылған, олар: - соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануды жеңілдетуге (соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке құжаттарды, соның ішінде борышты реттеу жөніндегі шаралардың қабылданғанын растайтын құжаттарды қоса беру міндеті алып тасталды); - соттан тыс банкроттық рәсімінің кредиторлары болып табылатын қаржы ұйымдары тізілімін кеңейтуге; - төлем қабілеттілігі рәсімінің қол жетімділігін қамтамасыз етуге (төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану негіздерінен міндеттемелер бойынша төлемнің болмау мерзіміне талап алып тасталды, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған, бірақ тұрақты табысы болған кезде рәсімді қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелдерге шығуына тыйым алып тасталды); - рәсімдерді қолданудан формалды негіздер бойынша бас тартуды болдырмауға (міндеттемелер бойынша 1 АЕК-тен төмен төлем болған кезде рәсімдерді қолдана беру) бағытталған.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 53
  • 26.07.2024, 09:00
  • 26.07.2024, 15:00
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ