Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 32 бабына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді: I санат – осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады; II санат – осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады; III санат – осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 66
  • 13.09.2024, 10:00
  • 23.09.2024, 17:00
  • Жамбыл облысы
Бірде бір сұрақ жоқ