Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен мерзімдері туралы

2024 жылдың 2-тоқсанында қаланың жергілікті атқарушы органдары 3157 мемлекеттік қызметті көрсетті, оның ішінде қағаз түрінде - 4, қағаз түрінде, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге мүмкін еді - 41, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) электрондық түрде – 1840, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен электрондық түрде (www.egov.kz, www.elicense.kz «Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) - 1272 қызмет, сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет» порталы арқылы 2704 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында, оның ішінде «Ашық әкімдікте», сондай-ақ Мемлекеттік корпорация өкілдерімен бірлесіп, ұйымдарға және ауылдық округтерге шығу арқылы келушілерді «Электрондық үкімет» порталында жұмыс істеу дағдыларына үйрету бойынша акциялар тұрақты негізде өткізіледі. Бұдан басқа, ауыл әкімдігінің қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және оның мерзімін ұзартуға тұрақты негізде көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың (жұмыспен қамту, жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 10 тікелей эфир өткізілді және жарияланды. «Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары жөніндегі кітапшалар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жөніндегі нұсқаулықтарды тарату бойынша акциялар» тұрақты негізде өткізіледі. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардың алатын мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдану құқықтарына және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты 2 билборд орнатылды (Бесқауга, Сарықамыс ауылдарында). Мемлекеттік органдардың әлеуметтік желі парақшаларында (Instagram, Facebook) 30-дан астам жарияланым орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін көрсетілетін қызметті берушілер мен ХҚКО өкілдерінің қатысуымен семинарлар тұрақты негізде өткізіледі.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 51
  • 13.08.2024, 09:00
  • 13.08.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ