Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «Халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделетін болады. Қағидаттар мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қырларын, маңызды сипаттамаларын көрсетеді және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді қабылдауда бағдар ретінде қызмет етуге арналған. Тұжырымдаманың міндеттерінің бірі оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік аппаратты одан әрі жетілдіру мемлекеттің рөлі мен функцияларын, ал онымен бірге бүкіл мемлекеттік аппараттың құрылымы мен көлемін қайта ойластыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бүгінде оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орталықсыздандыру жолымен әкімшілік реформа бойынша жұмыс жүргізілуде.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 44
  • 23.08.2024, 10:00
  • 23.08.2024, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ