9 ай бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2024 жылғы 1 тамызға өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 355,8 млн. теңгені құрайды. Нақты көлем индексі 2023 жылдың тиісті кезеңіне 52,5% құрайды (2023 ж. – 1560,6 млн. теңге, нақты көлем индексі –97,9%). Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылғы 1 тамызға 9 181,0 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 106,1% (2023 ж. – 9782,7 млн. теңге нақты көлем индексі – 101,3%) құрайды. 2024 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3 912,7 млн. теңгені құрайды, нақты көлем индексі-2023 жылдың тиісті кезеңіне 118,5%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2900 шаршы метр, 2023 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 104,7% құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14719,4 млн.теңгені, нақты көлем индексі – 115,2% құрайды. 2024 жылғы 1 тамыздағыжағдай бойынша Ертіс ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 1069 бірліктің 1039 бірлігін (97,2%) немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 95,8% құрайды. Бөлшек сауда көлемі 4837,2 млн. теңгені құрайды, нақты көлем индексі-2023 жылдың тиісті кезеңіне 100,0%. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,0%, оның ішінде тұрақты жұмыссыздық деңгейі-7,4%. 615 жұмыссыз азамат тіркелген. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 250 567 теңгені немесе 2023 жылға қарай 108,4% - құрайды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту-99,5%, 2 жастан 6 жасқа дейін -100,0%, 3 жастан 6 жасқа дейін-100 %. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша онкологиялық аурулардың 41,8% - ға (100,0 мың тұрғынға 205,5) төмендеуі, қан айналымы жүйесі ауруларының 32,2% - ға (100 мың тұрғынға 1725,3) туберкулезбен сырқаттанушылық 52,5% - ға өсуі байқалады(100 мың тұрғынға 30,8). АЕМ-ді сапалы сумен қамтамасыз ету-100%, электрмен жабдықтау-100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 5,3 км. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша осыған ұқсас кезеңде 55 қылмыс тіркелді (2023 ж. – 41), оның ішінде көшелерде -3(2023 ж. - 0) жасалды. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан бюджетіне 770,7 млн. теңге немесе 114,3% жоспар бойынша 674,2 млн. теңге жеке кірістер жұмылдырылды.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 33
  • 09.09.2024, 09:30
  • 09.09.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ