Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер

Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша Мемлекеттік қызметтерді жүргізу бойынша жұмыс. Ветеринариялық құжаттарды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымға не портал арқылы өтініш береді, ветеринария саласындағы маман өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, оның көшірмесіне тіркеу туралы және ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларындағы тізбелерде немесе портал арқылы көрсетілген құжаттар туралы белгі қояды. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге беріледі. 2023 жылы 2 лицензия берілді, 2024 жылдың 6 айында 1 лицензия берілді. «Ветеринариялық анықтама беру» көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және № 3 тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды береді. 2023 жылы - 75660 анықтама, 2024 жылдың 6 айында - 39172 анықтама берілді. «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Талаптар тізбесі осы Қағидаларға 6-1 – қосымшада (бұдан әрі-тізбе) баяндалған. Портал арқылы өтініш берген кезде өтініштің электрондық нысанын, жеке нөмірі, өрісі, түсі, жануардың аты, сәйкестендіру тәсілі туралы мәліметтерді толтырады, көрсетілетін қызметті алушы дерекқорға сұрау салу жолымен дерекқордан алады, онда дерекқорда тіркелген а/ш жануарлардың тізімін автоматты түрде өңдейді, қалыптастырады және өтінішке қол қояды ЭЦҚ арқылы және портал арқылы ветеринариялық ұйымға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде ветеринариялық паспорт деректер базасынан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт жеке беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша ұсақ мал мен шошқалар тобына ветеринариялық паспорт беруге жол беріледі. 2023 жылы 503170 паспорт берілді, 2023 жылдың 6 айында-1291.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 385
  • 10.09.2024, 09:00
  • 10.09.2024, 13:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ