Ақсу қаласының ауылдық аймақтарындағы байланыс және интернет инфрақұрылымы

Ақсу қаласының ауылдық аймағына 31 ауыл кіреді, онда 21,9 мың адам тұрады. Қазіргі уақытта 31 ауылдық елді мекен телефонмен жабдықталған және интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, ұялы байланыс сигналының тұрақты қабылдау аймағында 31 ауыл орналасқан, сигналының тұрақсыз қабылдау аймағында ешқандай ауыл жоқ. «Қазақтелеком» АҚ-ның талшықты-оптикалық байланыс желісі 13 ауылды қамтиды: (Пограничник, Калкаман, Ақжол, Қызылжар, Жолкудук, Алғабас, Үштөрек, Евгеньевка, Еңбек, Айнақол, Беріке, Достық, М. Омаров атындағы). Сонымен қатар, 2022 жылы «ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС қызметкерлері 250 адамнан аз халықты қамтитын ауылдарға кең жолақты интернетке (ШПД) қолжетімділікті қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру аясында Сольветка ауылында жұмыстар жүргізді. Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасы ұялы байланыс операторларымен Сольветка ауылында базалық станция орнату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге, біз «Кар Тел» ЖШС-ге Сольветка ауылында ұялы байланыс базалық станцияларын орнату мәселесін қарастыру үшін хат жолдадық. Сондай-ақ, 2023 жылы «Кар Тел» ЖШС-ге Ақсу қаласындағы М. Омаров атындағы ауылдық округтің Еңбек ауылында ұялы байланыс станциясын жабдықтауға арналған биік тірек құрылысын салу үшін жер учаскесі берілді. 2023 жылы Еңбек ауылында осы құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілді

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 40
  • 14.10.2024, 14:30
  • 14.10.2024, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ