Жер учаскелерін беру туралы ақпарат
Бөлім Мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсетуге 1315 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 988 – көрсетілді, 327 – көрсетуден бас тартылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап жер комиссиясының 8 отырысы өткізілді, онда 92 өтініш қаралды. Жыл басынан бері 210 қаулы қабылданды, әкімдіктің қабылданған қаулылары негізінде және жер учаскелерін қайта тіркеуге байланысты 625 шарт жасалды. Жыл басынан бері 4 аукцион өткізіліп, жалпы ауданы 84,065 га, бастапқы сомасы 7,3 млн теңгені құрайтын 14 жер учаскесі сатылды. Осы жер учаскелеріне жалдау құқығы 29,8 млн теңгеге сатылды. Бүгінгі таңда жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында 10 конкурс өткізілді, жалпы ауданы 48,0 мың га 78 учаске берілді, оның ішінде: егістік – 1,9 мың га, шабындықтар-1,3 мың га, жайылымдар-44,6 мың га, өзге де 0,2 мың га. Екібастұз қаласы үшін 2024 жылға арналған пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жоспары ҚР АШМ 29,0 мың га мөлшерінде анықталды. ағымдағы жылдың басынан бастап 21,8 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды. Екібастұз қаласында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға арнайы есепке алу 2007 жылдан бастап жүргізіледі. Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында арнайы есепте 9448 азамат тұр. Қазіргі уақытта 2 массивте жер учаскелерін беру жүргізілуде: 207-208 тоқсан 50 учаске және Ипподром ауданында 475 учаске, қазіргі уақытта кезектілік тәртібімен жер учаскелерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл массивтерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда: сумен және электрмен жабдықтау желілері жүргізілді.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 51
- 15.10.2024, 09:00
- 15.10.2024, 13:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ