Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты және оны жетілдіру жөніндегі шаралар

Бюджеттік саясат - бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржысын басқару шараларының жиынтығы. Өткен жылы қабылданған Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Бюджет кодексінің реттеу нысанасын кеңейту, бюджет саясатының назарын бюджеттік параметрлерден мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және оны басқару негіздерін кеңейтуге ауыстыру қажеттігін айқындап берді. Бюджеттік-Салық саясатының негізі қысқа мерзімді кезеңде макроэкономикалық және бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, орта мерзімді кезеңде бюджеттің тұрақтылығына қол жеткізуге ықпал етеді және үкіметтің даму саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келеді. Орта мерзімді кезеңде бюджет саясатының негізгі міндеттері: - Негізгі және қосалқы бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау есебінен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету. Негізгі бюджеттік қағидаларға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы қағида және республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағида кіреді. Бюджеттік қағидалардың қосалқы түрлері ретінде бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы туралы қағида, мемлекеттің таза активтері туралы қағида, борыш туралы қағида және басқалар енгізілетін болады. Бұл қағидалар Ұлттық қорда қаржы ресурстарының жинақталуын және шектеулі пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 58
  • 27.11.2024, 10:00
  • 27.11.2024, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ