«Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесінде жаңа өзгерістер
ҚР Қаржы министрінің 11.09.2024 № 619 бұйрығымен келесі өзгерістер енгізілді: 1) 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу; 2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде килограммен «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде); ТІЖ және ЭШФ бланкілері жолдармен толықтырылды: 1) «Есептік нөмір» – «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экспорт және импорт бойынша валюталық шартқа берілген сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бұл жол шартты-міндетті болып табылады); 2) «Тауар коды» – тауардың GTIN (Global Trade Item Number) коды немесе өзге де коды көрсетіледі (аталған жолды толтыру міндетті емес).
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 62
- 12.12.2024, 09:00
- 12.12.2024, 18:00
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ