«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының қорытындысы
ЦДИАӨМ-мен бірлесіп облыс бойынша байланысы тұрақсыз және интернеті бар 214 елді мекен анықталды, олар "қолжетімді интернет"ҰК-ға енгізілген. Ұлттық жоба аясында 2025-2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу жоспарлануда, бұл халқы аз ауылдарды жоғары жылдамдықты сымды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ҰК шеңберінде ТОБЖ құрылысы Тереңкөл ауданының 20 АЕМ де жоспарлануда: 2025 жылы 5 ауыл: Ынтымақ, Қызылтан, Львовка, Воскресенка, Ивановка; 2026 жылы 10 ауыл: Юбилейное, Зеленая Роща, сегізкөз, Жасқайрат, Фрументьевка, Березовка, Трофимовка, Қызылдау, Қарасұқ, Первомайс; 2027 жылы 5 ауыл: Тілеубай, Жаңақұрлыс, Воронцовка, Покровка, Тегистик. 2025 жылы "Қолжетімді интернет" ҰК шеңберінде республикалық және облыстық маңызы бар автожол бойында байланысты жақсарту үшін облыс бойынша 12 АМС, оның ішінде Жаңабет ауылы мен Тереңкөл ауданы Ивановка ауылының маңында 2 АМС орнатылады. Ивановка ауылының маңында АМС құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленді, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 268,7 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім ЦДИАӨМ-ге жіберілді. Анықтама: АМС биіктігі 45 метрді құрайды, қамту радиусы 10 км тек Ивановка ауылына дейін. Жаңабет ауылының маңында АМС құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Анықтама: Тереңкөл ауданының әкімдігі 15.10.2024 жылы "Альфа Групп жобасы" ЖШС ЖСҚ әзірлеушісімен шартты орындаудың жоспарланған күні 2024 жылғы 31 Желтоқсанда шарт жасасты.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 39
- 25.12.2024, 09:00
- 25.12.2024, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ