Жалпыға бірдей декларациялау
Қазақстанда жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енгізу 2021 жылдан 2025 жылға дейін төрт кезеңде іске асырылуда. Анықтама үшін: үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді. 2025 жылы декларация ұсыну бойынша міндеттеме жеке құрылымдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және басқа адамдардаға туындайды. Бұл шамамен 8 млн. жеке тұлғаны құрайды. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлинистрлігі Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында жалпыға бірдей декларациялаудың тәсілдердін қайта қарау бойынша азаматтардың осы санатын елден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын табыстаудан босатуды ұсынады. Осыған байланысты, 4 кезең декларанттарын автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны беруден босату ұсынылады (декларацияларды ұсынбау, кірістерді төмендету, салық салу объектілерін жасыру). Осыған байланысты, 4 кезең декларанттарын автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны беруден босату ұсынылады (декларацияларды ұсынбау, кірістерді төмендету, салық салу объектілерін жасыру). Осылайша, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну бойынша міндет белгілеу ұсынылады: • шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері; • жеке практикамен айналысатын тұлғалар; • декларацияны өз еркімен ұсынғысы келетіндер; • сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар*; • банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар. • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР Заңына сәйкес ** «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарына сәйкес Өз кезегінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (тно 270.00) ұсынуға міндетті: • мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары** • банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары** • коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 10% - дан жоғары және одан көп болса және олардың жұбайлары** • жеке практикамен айналысатын адамдар** • шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысан ұсыну тәртібіне ұқсас )** • ДК табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар** • шетелдік банктерде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар** • ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар ** **резиденттер
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 72
- 14.02.2025, 09:00
- 14.02.2025, 18:00
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ