Жас ауылшаруашылық жануарларын идентификациялау
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері: малды уақтылы бірдейлендіру тек заңнамалық талап қана емес, сонымен қатар малды есепке алу, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылау кепілдігі болып табылатынын есте сақтауы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендіруге жатады. Бұл дегеніміз жеке нөмір беру, дерекқорға деректерді енгізу және ветеринарлық төлқұжат беру сияқты процедураларды қамтиды. Бірдейлендіру (сәйкестендіру) қашан және қалай жүзеге асырылады? Төлдерге мынандай мерзімдер белгіленеді: ✅ бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; ✅ құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде) немесе туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); Облыста ірі қара мен ұсақ малды бірдейлендіру мал иелерінің өтінімдері бойынша тегін биркалау әдісімен жүзеге асырылады. Жылқыларды чиптеу ақылы негізде жүзеге асырылады - иелері чип пен қажетті материалдардың құнын төлейді. Қайда жүгіну керек? Жануарларды есепке қою үшін облыс тұрғындары ауылдық округтердің ветеринариялық пункттеріне жүгінуі керек. Әрбір жануарға бірегей нөмір беріледі, ал оның деректері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесіне (АШБЖ) енгізіледі. Меншік иелерінің жауапкершілігі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мал иелері: - жануарларды бірдейлендіруді қамтамасыз етуге; - ветеринариялық органдарды жануарларды сатып алу, төл алу, сою және сату туралы хабардар етуге міндетті. Бұл талаптарды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Уақтылы бірдейлендіру – бұл заңды сақтау ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің шаруашылығыңызды қорғау болып табылады!
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 34
- 25.02.2025, 09:00
- 25.02.2025, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ