Тұрғын үй сертификаттарын беру туралы
Тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификатының мөлшері: - Бастапқы жарна сомасының 100%, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі: 1) мүгедектігі бар балалары немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар; 4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында сұранысқа ие мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер жатады; 5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады; 7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде: 1) өтініш берушіде және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде табысы болмаған жағдайда беріледі; 2) өтініш берушіде және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі. (2025 жылға күнкөріс деңгейі - 46228 тенге). Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінің коэффициенті мүгедектігі бар балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Қажетті құжаттар тізімі: *ЭЦҚ-мен куәландырылған нысан бойынша электрондық өтініш; * халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі; * Өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің электрондық хаты, онда ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтер қамтылады. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 11
- 18.03.2025, 09:00
- 18.03.2025, 18:00
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ