Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай порталының функционалын жақсарту бойынша ұсыныстар жинақтау

Аталған конференцияның негізгі мақсаты – пайдаланушылардың сұранысына сай веб-сайттың жұмысын жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру және қолжетімді цифрлық орта қалыптастыру. Іс-шара барысында сайт құрылымы, интерфейс, мазмұн сапасы, техникалық тұрақтылық, мобильді нұсқа және интерактивті сервистер секілді негізгі аспектілер талқыланады. Конференцияға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ІТ-мамандар, веб-дизайнерлер, пайдаланушылар мен мүдделі тараптар қатысып, веб-сайттың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру бойынша нақты ұсыныстар мен тәжірибелік пікірлерін ортаға салады. Жиын қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер жинақталып, веб-сайтты жаңарту немесе дамыту бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді. Бұл конференция — ашықтықты, тиімді кері байланысты және пайдаланушыға бағдарланған цифрлық шешімдерді қалыптастыруға бағытталған маңызды диалог алаңы.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 18
  • 12.05.2025, 09:00
  • 13.05.2025, 18:00
  • Абай облысы
Бірде бір сұрақ жоқ