Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу

Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу ҚҚС бойынша міндетті тіркеу талабын бұзған салық төлеушілерге қатысты салықтық тіркеуді сақтау бойынша мониторинг жүргізілетін болады. Бұл бақылау шарасы тек ҚҚС тіркеуіне ғана емес, жеке кәсіпкерлерге, жекеше тәжірибемен айналысатын тұлғаларға және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады. Бұзушылық анықталған жағдайда салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні. Салық төлеушілерге ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелу үшін шекті айналымға жақындау жөнінде жүйелі түрде ескерту жіберіп отырады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 12
  • 18.02.2026, 09:00
  • 18.02.2026, 15:00
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ