Жеке тұлғаның мүліктік табысы, салық салуға жататын түсініктеме
Жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне мыналар жатады (СК 382-б. 1-т.): 1. құн өсімінен алынған кіріс; 2. жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті мүліктік жалға (жалға беру) тапсырудан алған кірісі. Мүліктік кіріс жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын кірістерге жатады (СК 405-б. 1-т. 1) тм). Өзі дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны (СК 417-б. 1-т. 3) тм.) тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады (СК 418-б.). Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жататын салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салық төлеуші тарапынан кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей тұрғылықты (болу) жері бойынша жүзеге асырылады (СК 419-б. 1-т.). Жеке тұлғаның салық салынатын кірістері жеке табыс салығының ставкалары бойынша салық салынады, мұнда салық салынатын кіріс сомасы (СК 363-б.): - 8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін (қоса алғанда) – 10 % мөлшерлеме бойынша; - 8 500 еселенген АЕК-тен асатын бөлігінде – 8 500 еселенген АЕК мөлшеріндегі кірістен есептелген салық сомасына қоса, асатын сомадан 15 %. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) жасау қағидаларына сәйкес (ҚР ҚМ 2025 жылғы 24 қазандағы № 624 бұйрығымен бекітілген), тұрғын үйді мүліктік жалға беруден алынған кіріс В бөлімі «Мүліктік кіріс» бөлімінде көрсетіледі.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 15
- 16.06.2026, 09:00
- 16.06.2026, 15:00
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ


