Президенттің тапсырмаларын орындау: су тасқыны кезеңінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрлік су ресурстарын тиімді басқару, су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және гидротехникалық құрылыстардың тұрақты қызметін бақылау арқылы тасқын су қаупін азайтуға бағытталған шараларды іске асырады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, гидрологиялық жағдайға талдау жасалады. Сонымен қатар ірі су қоймаларындағы су көлемі реттеліп, су жіберу режимдері белгіленеді. Министрлікке қарасты ұйымдар су шаруашылығы нысандарының, бөгеттер мен каналдардың техникалық жағдайын тексеріп, олардың сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда су арналары тазартылып, гидротехникалық құрылыстарда жөндеу және нығайту жұмыстары жүргізіледі.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 4
  • 18.03.2026, 14:30
  • 18.03.2026, 16:00
  • Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ