- Активтері мен міндеттемелері туралы декларация (СЕН 250.00); - Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (СЕН 270.00)

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (СЕН 270.00) мына тұлғалар ұсынуға міндетті: - мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары; - банктердің, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары; - жарғылық капиталдағы үлесі (акционерлік қоғамдардың акциялары) 10 пайыздан асатын заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда; - есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алған тұлғалар (мысалы, 2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, 20 000 × 3 932 = 78 640 000 теңге); - дербес салық салынуға жататын кірістерді алған тұлғалар, оның ішінде жекеше практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар) (төлем көзінен салық салынбаған кірістер), дара кәсіпкердің кірістерін қоспағанда; - шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын ақшалай қаражаты бар тұлғалар; - шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу құқығы); - цифрлық активтерге меншік құқығы бар тұлғалар; - салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш ұсынған тұлғалар; - есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған дивидендтер түріндегі кірістерінің жалпы сомасы есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болған 230 000 АЕК-тен асқан тұлғалар.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 4
  • 14.07.2026, 09:00
  • 14.07.2026, 15:00
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бірде бір сұрақ жоқ