Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету

Облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік органдар ұсынған ішкі бақылау жұмысы туралы есептер және талдау анықтамалары негізінде ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізді. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдармен барлығы 3 079 643 қызмет көрсетілгені анықталды, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (1 359 400). Соның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 62 120 (2%) қызмет, мемлекеттік органда – 457 007 (14,8%) қызмет көрсетілді. Электрондық түрде 2 560 516 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 83,1% құрайды. Электрондық түрдегі қызметтер санының өсуі өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 25,6% құрады (2018 жылдың 1 жартыжылдығында - 781 356 қызмет (57,5%).

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 385
  • 13.08.2019, 10:00
  • 13.08.2019, 13:00
  • Қостанай облысы
Бірде бір сұрақ жоқ