Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі

ЦЭТВ артықшылықтары: Мемлекеттегі ақпараттық қауіпсіздікті арттыру; Бейне мен дыбысты халықаралық талаптарға сай жоғары сапада ұсыну; Жиілік көзін оңтайландырып қолдану, мемлекеттің басқа мақсаттары үшін босатып беру. Тарих: 2012 жылы Қазақстанда «Индустриализация күні» форумы аясында ҚР Президентінің қатысуымен цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасы іске қосылып, Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларында жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ЦЭТВ сигналы Қазақстан халқының 83 пайызын қамтып отыр. Цифрлық эфирлік телехабар тарату жобасын жүзеге асыру 2020 жылы аяқталып, қамту аумағы 95 пайызға жетеді деп жоспарланған.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 610
  • 01.10.2019, 10:00
  • 01.10.2019, 17:00
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ