- Блогтар
- Дильманова Ж. А.
Дильманова Ж. А.
ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директоры
Дильманова Ж. А.
ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директоры
1970 жылы 8 наурызда Орал облысы Казталов ауданында дүниеге келген.
1987 жылы Казталов орта мектебін бітірген.
1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
1993-1994 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында акушер – гинеколог болып жұмыс істеді.
1994 жылдан 1999 жылға дейін Орал қаласының №3 қалалық перзентханасында акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. Қосымша санавиация дәрігерінің жұмысын қоса атқарды.
1999 жылдан 2006 жылға дейін Орал қаласының №3 облыстық перзентханасында гинекология бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2005-2016 жылдары Орал қаласының №2 перзентханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары «Қалалық көп бейінді аурухана» бас дәрігерінің ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап облыстық перинаталдық орталықтың босанудан кейінгі бөлімшесінде акушер-гинеколог болып жұмыс істеді.
2020 жылдың наурыз айынан бастап БҚО-да штаттан тыс бас гинеколог жұмысын қоса атқаруда.
2016 жылы Акушерия және гинекология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
Марапаттары:
- 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» медалімен;
-2015 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
- 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл» медалімен.