- Блогтар
- Тлеулиев А. Б.
Тлеулиев А. Б.
ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК директоры
Тлеулиев А. Б.
ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК директоры
Мен , Тлеулиев Алмас Бекенович 21 қаңтар 1985 жылы қарапайым инженер механик пен мұғалімнің жанұясында дүниеге келдім.
1991 жылы Шырғанақ орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып ,сол жылы қазан айында 2 (екінші) сыныпқа ауыстырылдым.Мектепке оқу барысында , әр түрлі интеллектуалдық жарыстарға қатысып ,жүлделі орындарға ие болдым.
2002 жылы білім гранты бойынша С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Педиатрия» факультетіне қабылданып , 2008 жылы аталған университеттің негізгі білім деңгейін аяқтап , 2009 жылы жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығын алдым.Университетте оқу барысында Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың реанимация бөлімінде мейіраға , 2008- 2009 жылдары «Мед-Экспресс-К» медициналық орталығында кезекші дәрігер қызметтерін атқардым.
2009 жылы Райымбек аудандық орталық ауруханасына дәрігер болып жұмысқа қабылдандым.Сол жылы «Неврология» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өттім.
2010 жылы емхана меңгерушісі , бас дәрігердің халыққа медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып сол жылдың желтоқсан айында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым.
2014 жылы анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша қайта даярлықтан өттім.2014 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың тамыз айына дейін Райымбек ауданы,Нарынқол ауылының ауруханасына директор қызметін атқардым.
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК-ға директордың қызметін атқарып келемін.
Отбасы жағдайым : үйленгенмін , 4 балам бар.