- Блогтар
- Кураметова Г.С.
Кураметова Г.С.
ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауңылының Аудандық ауруханасы МКК директоры
Мен, «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорымын. ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының «Аудандық аурухана» МКК-ні 1973 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні қызмет көрсетілетін халықтың саны 45 000-нан астам адамды құрайды. Ауруханада амбулаториялық-емханалық көмек көрсету бөлімшелері, күндізгі стационар, босандыру, хирургиялық, реанимациялық, терапевтік, балалар, оңалту, инфекциялық, қабылдау бөлімшелері, диагностикалық және зертханалық бөлімшелер жұмыс істейді. Аурухана МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсетеді.
ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының «Аудандық аурухана» МКК-ні емдеу үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағидаты – бұл медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасы, кәсіби өсуі, әрбір пациентке ықыласты және тілектестік қарым-қатынасы, диагностика мен емдеу практикасында жаңа технологияларды қолдану.