- Блогтар
- Жұбатов М. Ө
Жұбатов М. Ө
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры
Құрметті оқырмандар!
Мәдениет – халықтың шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Аты айтып тұрғандай, рухани байлығымызды ұрпақ бойына сіңіретін, қазақтың ән-күйі, салт-дәстүрін кеңінен насихаттайтын, көнергенін көш соңында қалдырмай, жаңғыртып, жаңартатын, мәдениетті өрістету арқылы мәңгілік Болашақты баянды етуге атсалысатын Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК-сы дәл қазір алдарыңызда!
Бір сөзбен айтқанда, 69 жылдық тарихы бар облыстық халық шығармашылығы орталығының Батыс Қазақстан облысының мәдениетін одан әрі дамыту, өнерін өркендету, халықтық ұжымдардың шығармашылығын қалыптастыру, жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізу бағытындағы істелген жұмысын да, жеткен жетістігін де саралап, қайта қорытындылап беру – рухани жаңарумен тең. Біздің орталығымыз - қолайлы, дербес, ашық орталық. 265 клуб мекемесімен, яғни 12 аудандық мәдени-демалыс орталығы, 108 ауылдық мәдениет үйі, 113 ауылдық клуб, 27 қалалық мәдениет үйі, аула клубы, 5 автоклуб, 2 кинотеатр, 3 саябақ байланыста жұмыс жасайды. Орталық органын жұмысты үйлестіруші - орталық кеңсесі, қойылған міндеттерді шешуші – халық шығармашылығы, мәдени-демалыстарды ұйымдастыру, ақпарат, басылым және жарнама, есеп, шаруашылық бөлімдері, бағалап, бақылап отыратын сараптама тобы: айтыс, дәстүрлі әнші-термеші, жыршылар, аға буын алқалары мен шығармашылық топ құрайды. Ал жұмысымызға жаңаша екпін беруде, бәсекеге қабілетті мәдени ментальділікті қалыптастыруда, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шараларды белгілеуде орталықтың тірегі білікті маман екені белгілі. Мәдени ортада 4 ҚР Мәдениет қайраткері, 1 «Мәденит саласы үздігі», жалпы 43 қызметкер, соның ішінде шығармашылық топ – 21. Сондай-ақ үзбей ізденіс, табанды жұмыс, ынта-жігермен мәдениеттің дамуына, өнердің өрлеуіне шығармашылық орталығындағы 40 жылдан астам тәжірибелі халықтық «Ақжайық» және 20 жылдық үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамбльдері де өз үлестерін қосып отыр. Облыс мәдениетін көтеру, рухани эстетикалық тәрбиені өрістету, тарихи және мәдени құндылықтарды сақтап, озық тәжірибелерді насихаттау бағытында шығармашылық орталықта «Әдіскер» клубы жұмыс жасайды.
Өнер қазынасының қара шаңырағы облыс бойынша 111 «халықтық» /үлгілі/ көркемөнерпаз ұжымымен тығыз байланыста.
Біздің орталық келешекке құнды мұра қалдыру бағытында облыстық, республикалық, халықаралық байқау, фестиваль, ақындар айтысы, әртүрлі түрдегі шығармашылық кештер өткізіп, халық шығармашылығы жетістіктерін насихаттап келеді.
Ән өнерінің биік тұлғасы, Қазақстан Республикасының Халық артисі, әнші-композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиев атындағы дәстүрлі ән кеші және Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі /алғаш рет 2000 жылы қолға алынған болса/, 2016 жылдан бері халықаралық дәрежеге көтеріліп, Қазақстанның өнерпаздары ғана емес, Ресейден, Қытайдан, Моңғолия, Өзбекстан елінің өнерлі жастары қатысып, талай жас дарындылар елге танылды, бұл ән фестивалі 11 рет өнер байрағын желбіретті. Сондай-ақ талаптары таудай, шабыттары жанған жас пен жасөспірім, бүлдіршіндердің өнерге қанат қағуына 20 жыл бойы «Балдәурен» балалар шығармашылығы және 25 жыл «Дала дарындары» шығармашыл жастар фестивальдері өнер көкжиегіне жаңаша есімдер жазды, олардың болашақта үлкен сахналарда көрінулеріне, ел абыройын асқақтатуларына жол ашты.
Иә, орталық - қашанда рухани құндылықтардың насихатшысы... Демек, өнерді қадір тұтқан СІЗДЕР үшін біздің қызметіміз дайын!