- Блогтар
- Бекенов К. Р.
Бекенов К. Р.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
Бекенов К. Р.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
Бекенов Коблан Рахметуллинович 1961 жылдың 06 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Айдархан ауылында дүниеге келдім. 1968 жылы мектеп табалдырығын аттап, орта мектепті 1978 жылы бітірді. 1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1986 жылы емдеу ісі бойынша дәрігер мамандығын алды. 1986 жылдан 1987 жылға Орал облыстық ауруханасында интернатура өтті. Отбасында 2 ұл, 4 немере бар.
1987 жылдан 2015 жылға дейін Жаңақала аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер, дәрігер-статист, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, участкелік терапевт, УЗИ кабинеті дәрігері, дәрігер эндоскопист, анестезиолог-реаниматолог, сот медициналық сарапшы, жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыстарын атқарды.
2015 жылдың 20 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры лауазымына тағайындалды. Дәрігер реабилитолог жұмысын қосымша атқарады.
Тұрғылықты мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Маметова көшесі , 3 үй.