- Блогтар
- Сапаров Т. С.
Сапаров Т. С.
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры
Сапаров Т. С.
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры
Сапаров Табылғали Сатқалиұлы
1954 жылы 7 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының Бөрлі кентінде туған.
Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институның зоотехника факультетін (1976) зооинженер мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебінің партиялық және кеңестік құрылыс факультетін (1990) «Партия және кеңес құрылысы» мамандығы бойынша бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1998).
1976 жылдан - Орал облысы Камен ауданының Крупская атындағы кеңшарында №1 ферманың зоотехнигі.
1977 жылдан - Орал мемлекеттік тұқым стансасы Жаңақала филиалының аға зоотехнигі.
1979 жылдың тамызынан - Орал облысы Жаңақала ауданының Айдархан кеңшарында бас зоотехник.
1980 жылдың қазанынан - Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы.
1981 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орал облысы Чапаев аудандық комитетінің бірінші хат- шысы.
1985 жылдың сәуірінен - Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы.
1985 жылдың қарашасынан - Қазақстан Компартиясы Орал облысы Приурал аудандық комитетінің екінші хатшысы.
1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал облысы Камен аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылдан - Орал облысы Камен аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1992 жылдан - Орал облысы Камен аудандық әкімшілігінің басшысы.
1994 жылдың сәуірінен - ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі.
1995 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы бастығының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
1999 жылдан - Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылық департаментінің бастығы.
2001 жылдың сәуірінен - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі.
2002 жылдан - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2003 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.
2007 жылдың қазанынан - Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы.
2010 жылдың тамызынан - Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының әкімі.
2016 жылдан – ТДК-42 телеарнасының директоры.
2020 жылдан – «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).